Ұлттық мұраға құрмет: Шоқан Уәлихановқа арналған конференция мен кітап көрмесі ұйымдастырылды
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде Шоқан Уәлихановқа арналған ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Кітапхана және Жамбыл Политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Шоқан Уәлиханов - ғалым, саяхатшы және этнограф» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы арқылы ұлттық тарихқа деген құрметті қалыптастыру, Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын зерделеу, Шоқанның саяхаттары мен зерттеулері арқылы этнографиялық білімді тереңдету.
Ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында «Шығыс әлемінің шолпаны» кітап көрмесін ұйымдастырып, ғалымның еңбектеріне библиографиялық шолу жасап, оқырмандар назарына ұсынды.
