Жаңалықтар

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 86 мыңнан астам оқушы орны іске қосылды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда.

Еске сала кетейік, Қор қаражаты есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.