Жаңалықтар

Жамбылда «Заң мен тәртіп» акциясы: үш ауданның тұрғындарына кең ауқымды құқықтық көмек көрсетілді

Қордай ауданында Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені аясында аудан әкімдігі, прокуратурасы және полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен кең көлемді форум өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Іс-шараға мектеп және колледж директорлары, педагогтар, психологтар, ата-аналар комитетінің мүшелері, студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Форумда аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай мен аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков сөз сөйледі.

Қордай ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов құқық қорғау органдары мен тұрғындардың өзара ықпалдастығының маңызын атап өтті.

«Qazaqstan Dauiri» газетінің бас редакторы, Қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы құқықтық мәдениет тек заңмен ғана емес, қоғамның оған деген көзқарасымен қалыптасатынын айтты.

Керуен барысында тұрғындар мамандарға түрлі өтініштерімен жүгініп, заң аясында нақты кеңестер алды. Масанчи ауылында өткен қабылдауға келушілер қатары көп болды.

Тұрғындар көп жиналып, белсенді қатысты: көпшілік құқықтық мәселелер, әлеуметтік кепілдіктер, жер мәселелері және әкімшілік рәсімдер бойынша жүгінді.

Жалпы, «Заң мен тәртіп» керуені Жамбыл облысының үш ауданын қамтып, 10 мыңға жуық тұрғынды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етті.