Ұлттық Банк Мысыр құдайлары бейнеленген монеталарын шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) «Жаратылыс сырлары» сериясынан MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды arainfo.kz
Монеталар 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың ресми интернет-дүкені арқылы сатылымға шығады: kazcoins.nationalbank.kz.
Коллекциялық монеталар туралы:
MYSYRLYQ TANYM монетасының дизайны ежелгі Мысыр мәдениеті мен қазіргі заманғы технологиялық дүниетанымды біріктіреді. Монетаның тантал бөлігінде Мысыр құдайлары, ал күміс бөлігінде технологиялық символдар мен олардың трансформациясы бейнеленген.
Монета бірнеше құрамнан тұрады: 925 сынамалы күміс негізінде жасалған, тантал қондырмасы бар. Оның жалпы массасы – 162,2 грамм, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 2000 теңге, ал тиражы – 400 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында төлем құралы ретінде қабылданады, сонымен қатар барлық банктерде есепке алынуға, аударуға, айырбастауға және ұсақтауға болады.
Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.