Жаңалықтар

Желідегі қауесет: түнгі жылдамдыққа айыппұл салына ма?

Желіде тараған «00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды arainfo.kz

Құзырлы органдар бұл хабарламаны жоққа шығарды.

Ресми мәліметке сәйкес, елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – 60 км/сағ. Жылдамдықты бақылау камералары тек 70 км/сағ және одан жоғары болған жағдайда тіркейді.

Мамандар тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырады. Жүргізушілерге жол ережелерін сақтап, абай болу ескертілді.