Қызылордада екі тәулік бойы байланысқа шықпаған ер адам құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары екі тәулік бойы байланысқа шықпаған ер адамға көмекке келді, деп хабарлайды arainfo.kz
Қызылорда қаласында ТЖМ құтқарушылары дер кезінде әрекет етіп, екі күн бойы байланысқа шықпаған тұрғынның өмірін сақтап қалды.
Құтқару қызметіне қала полиция бөлімінің кезекшісі Жетікөл көшесінде тұратын 1970 жылы туған ер адамның екінші тәулік қатарынан есігін ашпай, байланысқа шықпағаны туралы хабар берген.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағы үш иінді сатыны пайдаланып, екінші қабаттағы пәтердің балконы арқылы ішке кірді.
Пәтер ішін тексеру барысында құтқарушылар еденде жатқан ер адамды тауып, оны бірден жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Қазіргі уақытта ер адамның жағдайын дәрігерлер бақылауда.