Заң

Рақымшылыққа ілінген жазасын өтеуші жол шығынымен қамтамасыз етілді

Биыл егемен елімізде тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі – Конституцияның 30 жылдығын атап өтілді.

Осынау мерейтойлық датаға орай Парламентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен рақымшылық туралы Заң қабылданды. Бұл акт – ел азаматтарының құқықтық санасын арттырып, ізгілік пен гуманизм қағидаттарын басшылыққа алатын құқықтық мемлекеттің бір көрінісі ретінде ерекше мәнге ие.

Жуырда Рақымшылыққа туралы Заңның 3 бабы, 6 тармағына сәйкес, облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінен 42 жастағы ер адам босап шықты. Д есімді азамат сот шешімі негізінде Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Айта кетейік, Қылмыстық-атқару Кодексінің 167-бабына сай жазасын өтеуден босатылған азаматтарға тиісті көмек көрсетіледі. Аталған сотталған азаматқа да дәл сондай көмек беріліп, ол жол шығынымен толықтай қамтамасыз етілді.