Бүгіннен бастап елімізде автолизинг бағдарламасы іске қосылады
Бүгіннен бастап елімізде жаңа автолизинг бағдарламасы жұмысын бастады, деп хабарлайды arainfo.kz
24KZ телеарнасының мәліметінше, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жылдық шекті мөлшерлемені бұрынғы 45%-дан 36%-ке дейін төмендетті. Бағдарлама автокөлік сатып алу мүмкіндігін кеңейтіп, халыққа қолжетімділікті арттыруды көздейді.
Автонесиеден айырмашылығы — автолизинг арқылы көлікті алғашқы жарнасыз және несие рәсімдемей-ақ ұзақ мерзімге жалға алуға болады. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң автомобильді кері қайтару немесе қалған берешекті өтеп, толықтай сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспековтің айтуынша, бұл бағдарламаның тиімді жүруі үшін екінші деңгейлі банктерді қатыстырмау маңызды.
Жаңа автолизинг тетігі отандық автомобиль нарығын жандандырып, азаматтарға көлік иеленудің баламалы жолын ұсынбақ.