Әлеумет

Партияның пәрмені мықты

«AMANAT» партиясы елдегі ең ірі саяси күштің бірі. Еліміздегі бұрынғы жетекші партияның мұрагері саналатын бұл ұйым қоғамдағы түрлі әлеуметтік мәселені шешуде негізгі бастамашы әрі бақылаушы ретінде өз жұмысын сәтті жалғастырып келеді. Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттердің орындалуына аталған партияның облысымыздағы филиалының атқарып жатқан жұмыстары дәлел бола алады.

КЕМШІЛІКТЕРГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

Жалпы бұл саяси құрылымның басты ұстанымы – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік әділдік орнату, өңірлер арасындағы даму алшақтығын азайту. Осы бағытта «Халықпен бірге!» қағидатын басшылыққа алған «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жыл сайын қандай да бір мәселемен есік қаққан әулиеаталықтардың уәжін тыңдап, мәселесін түрлі қоғамдық қабылдаулар арқылы шешіп, мемлекеттік органдардың жұмысына ашық бақылау орнатуға да мүмкіндік беріп жүр.

 

САПАҒА БАСА МӘН БЕРІЛУДЕ

 

Осы орайда біз облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовпен тілдесіп, жол саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайын сұраған едік.

Іске асырылып жатқан 182 жобаның 21-інің құрылысы былтыр басталған екен. Бұл жобалар 2024 жылдан өтпелі болса, қалған 161-і жаңа жоба екен. Қазіргі таңда 182 жобаның 173-і бойынша тиісті жұмыстар толық аяқталыпты. Қалған 9 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі жалғасуда.

 

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ САПАСЫ АРТУДА

Облыс әкімдігі цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақберен Сейдімханов бүгінгі таңда интернет пен цифрлық инфрақұрылым қоғамның барлық саласының қозғаушы күші екенін, сондықтан да ауыл мен қаланың арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту басты міндеттің бірі болып саналатынын айтады.

Байқағанымыздай «AMANAT» партиясының облыстық филиалы қоғамға ортақ жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз етіп, бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын бақылауда өз құзыреті аясында пәрменді рөл атқарып отыр. Партия филиалдары көтерілген әрбір мәселенің орындалусыз қалмауын қадағалап, жауапты органдардың жұмысын жүйелеуге ықпал етуде. Жоспарланған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындар күткен нәтижелер біртіндеп орындалуда. Ең бастысы мәселе басталған істің уақытында әрі сапалы жүзеге асырылуына байланысты.

 

Нұрым СЫРҒАБАЕВ