Меркі ауданында жастар саясатының жүзеге асырылуы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы “Мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заңы – еліміздің болашағын қалыптастырудағы маңызды бағыттардың бірі. Жастар – мемлекетіміздің тірегі мен дамудың қозғаушы күші. Осы орайда, Меркі ауданында да жастардың әлеуетін арттыру, олардың әлеуметтік белсенділігін көтеру және қоғам өміріне белсене қатысуына жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Меркі аудандық жастар ресурстық орталығы жастар саясатын жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады. Орталықтың басты мақсаты – жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке тарту, еріктілік қозғалыстарын дамыту және патриоттық тәрбие беру.
2025 жылдың 10 айдың қорытындысымен 11 бағыт бойынша 1192 іс-шара ұйымдастырылып, оған 33 044 жас қамтылды. Атап айтқанда: Рухани-адамгершілік–210, Әскери-патриоттық–49, Спорттық–51, Мәдени-шығармашылық–165, Құқықтық–99, Діни–59, Психологиялық-танымдық–98, Жастарға кеңес беру–202, Экологиялық мәдениет–200, Этносаралық келісім–33, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу–26 іс-шаралар өткізілді.
Меркі ауданында еріктілер қозғалысы да қарқынды дамып келеді. «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН», «ІЗГІ ІС» сияқты жобалар аясында жастар қарттар мен мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, экологиялық жобаларға белсенді атсалысуда.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «MERKI ERIKTILERI» Волонтерлік қозғалысының 16 бағыты бойынша 441 іс-шара ұйымдастырылып, оған 8416 ерікті жас қамтылды. Атап айтқанда: «Зооволонтерлік» бағыты бойынша–6, «Этноволонтерлік» бағыты бойынша–33, «Білім беру саласы» бағыты бойынша–6, «Әлеуметтік» бағыты бойынша–2, «Медициналық» бағыты бойынша–24, «Азаматтық қоғамды дамыту» бағыты–2, «Қарттар мен жалғыз басты адамдармен жұмыс» бағыты бойынша–47, «Көпшілік кеңістіктерді дамытудағы волонтерлік» бағыты бойынша–1, «Гуманитарлық әлеуметтік көмек» бағыты бойынша–40, «Экологиялық» бағыты бойынша–124, «ТЖ» бағыты бойынша–27, «Медиа-волонтер» бағыты бойынша–19, «Өнер саласындағы волонтерлік» бағыты бойынша–53, «Ерекше қабілеттігі бар балалармен» бағыты бойынша–2, «Спорттық және СӨС волонтерлік» бағыт бойынша–45, «Нашақорлықтың алдын алу» бағыты бойынша–10 іс-шаралар өткізілді.
«ІЗГІ ІС» қайырымдылық жобасы аясында 91 іс-шара өткізіліп, оған 750-ден астам белсенді жас қамтылды. Нәтижесінде: аз қамтылған және жағдайы төмен 44 отбасыға «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері мен еріктілер тарапынан азық түлікпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 4 жасқа азық-түлік пен қамтамасыз етіліп, және 43 жалғыз ілікті қарияларға үй шаруасына көмек көрсетілді.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы бойынша жалпы 200 іс – шара өткізіліп, оған 3580 жас қамтылды. Атап айтсақ: 10 бұлақ көздеріне тазарту жұмыстары жүргізілді, 48 аудандық «Ұлы Отан Соғысы» ардагерлеріне арналған тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді, тау шатқалында тазалық бойынша 2 байқау және аудан аумағына 140 тазалық акциясы өткізілді.
Жасөспірімдерге рухани тәрбие, өмірлік бағдар мен ақыл-кеңес беру мақсатында ауданымыздың ардагерлері мен жастардың арасында тәрбиелік байланысты нығайтуға бағытталған «БАБАЛАР САЛҒАН ІЗБЕНЕН» жобасы іске асырылып отыр. Жоба аясында ауданға еңбегі сіңген қариялар мен ардагер ұстаздар, аналар кеңесінің төрайымы және аудандық билер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен жалпы 15 іс-шара (9 кездесу, 5 семинар, аналар кеңесінің төрайымымен 1 сұхбат) өткізіліп, оған 600-ге жуық жасөспірім жастар қатысты.
2025 жылға арналған «Жасыл ел» жобасы аясында маусымдық жұмыспен қамтудың индикаторлық көрсеткіші бойынша 100 жасты (Оның ішінде: 4 жұмыссыз жас) маусымдық жұмыстарға тарту жоспарланып, бүгінгі күнге толығымен орындалды. Нәтижесінде: аудан аумағындағы жалпы көлемі 35 000 м2 аумақ тазаланып, 49,3 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысымен жалпы 49 іс-шара өткізіліп, оған 2094 аудан тұрғындары мен жастары қамтылды.
Облыс әкімінің бастамасымен 2025 жылы «Әулие ата кітап оқитын өңір» жобасы аясында жалпы 43 іс-шара өткізіліп, оған 986 жас қамтылды. Атап айтқанда: 7 блиц-сауалнама, 15 жастар акциясы, 3 челленджі, 3 зияткерлік сайыс, 5 кездесу, 1 поэзиялық кеш, 1 кітап оқу байқауы, 3 кітап көрмесі, 2 экскурсия, 2 жас ақындар мүшәйрасы, 1 дөңгелек үстел отырысы өтті.
Меркі ауданында жастар саясаты жүйелі түрде іске асырылып келеді. Мемлекеттік қолдау, жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы нәтижесінде жастардың қоғамдағы рөлі артып, олардың өмір сапасы жақсарып келеді.
Алдағы уақытта да аудан жастары ел дамуына өз үлесін қосып, жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыру арқылы өңірдің өркендеуіне қызмет ететіні сөзсіз.
Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің
"Жастар ресурстық орталығы"
КММ-нің директоры
Жұманазаров Нұрбек Рысбекұлы