Жаңалықтар

Ескі Қазақстанда өткен сайлауларда талай заңбұзушылық болды – Башимов

Ескі Қазақстанда өткен сайлауларда талай заңбұзушылық болды – Башимов

Бұл туралы «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі, заңгер Марат Башимов аталған штаб мүшелерімен өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Ол Қазақстанда өткен президент сайлауының бірінде Ұлттық кітапхана қызметкері кімге дауыс бергенін түсіріп, басшылығына есеп беріп жатқанын өз көзімен көргенін айтады. Ал заң бойынша дауыс беруші кімге дауыс бергені құпия ақпарат болып саналады.

Яғни оның ойынша, заңды бұзуға болмайтынын түсіндіру үшін заң бұзғандарды жауапкершілікке тартып, оны көпшілікке көрсету керек.