Қазақстанға мемлекеттік сапармен Түрікменстан президенті келді
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылы сап түзеп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан басшысын ресми түрде қарсы алды. Ресми кездесулер ертеңге жоспарланған.