Жаңалықтар

Жоғалып кеткен мотоциклист құтқарушылардың арқасында аман табылды

Қостанай облысында мал іздеуге мотоциклмен шыққан ер адам бірнеше күн бойы байланыссыз қалып кеткен, деп хабарлайды arainfo.kz

Телефонының болмауы іздестіруді қиындатқанымен, құтқарушылар оны аман-есен тапты.

Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті органдар мен ауыл тұрғындары қатысып, үлкен аумақты тінтіп шықты. Бірлескен әрекеттердің нәтижесінде ер адам елді мекеннен ондаған шақырым қашықтықтағы ашық далада табылды.

Құтқарушылардың айтуынша, оның жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді.

Төтенше жағдайлар қызметі алыс аймақтарға шығар алдында бағыт пен болжалды қайту уақытын жақындарға хабарлап отырудың маңызын ескертеді.