ҚАЖ қызметкерлері саптық тексерістен өтті
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жеке құрам қызметкерлері күн сайын саптық тексерістен өтеді.
Оның барысында ҚАЖ қызметкерлерінің сыртқы келбеті жинақы, таза әрі ұқыпты және нысандық киім үлгісінің талапқа сай болуы назарға алынады.

Сондай-ақ мұнда қызметтік куәліктерінің жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының тиісті талапқа сәйкес келуі мұқият тексеріледі. Ал анықталған елеусіз кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар беріледі.