«Тәуелсіз елдің жыр-жұлдызы-Жұмекен» Poets-аббревиатурасы
Тараз политехникалық колледжінде ҚР Мемлекеттік Әнұранының (мәтінінің) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің 85 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің жыр-жұлдызы – Жұмекен» POETS аббревиатурасы өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Шара барысында ақынның поэзиялық мұрасы, ел тәуелсіздігі идеяларын жырлаудағы айрықша орны мен ұлттық әдебиетке қосқан елеулі үлесі кеңінен айтылды. Қатысушылар Жұмекен шығармашылығының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталып, оның рухани мұрасының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.
Сонымен қатар Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалар жинақтарына мазмұнды шолу жасалды.