Жаңатастың көшелері 100 пайыз жарықтандырылады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифингте Жаңатас қаласының әкімі қалада атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Елу жылдан аса тарихы бар Жаңатас қаласының жалпы аумағы 3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде елді мекендердің жер көлемі 2,5 мың гектар. Халық санағы бойынша бүгінде тұрғындар саны 25 635 адамға жеткен, қаладағы саяси және конфессияаралық ахуал тұрақты. Этномәдени орталықтар қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысуда. Қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы халық пен жұмыс орындарының санына тікелей әсер ететіні анық.
Аталған кәсіпкерлік субъектілер 2 984 азаматты жұмыспен қамтып отыр екен.
Әкім әр мәселеге жеке-жеке тоқталып, шешімін табуға барын салатынын атап өтті. Алдағы уақытта тұрғындардың барлық ұсыныстары мен ұсынылған сұрақтары қаралып, нақты шешім қабылданатынын айтты.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ