Әлеумет

Халық қаһарманын еске алды

Жыл сайын полиция қызметкерлері Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың қаза тапқан күніне орай арнайы еске алу шараларын өткізеді.

Дәстүр бойынша биылғы еске алу күні Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы Халық Қаһарманының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Іс-шараға облыстық полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қатысты.

Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан батырларды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, аспанға оқ атылды. Сондай-ақ бұл күні Тараз қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – батыр полицейдің әріптестері оның қайтыс болған жеріне гүл шоқтарын қойып, рухына құрмет көрсетті.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ