«Дала мәдениеті мен өркениетін тоғыстырған дарын» тұлғатану кеші
Н.Тілендиев атындағы Жамбыл облыстық мектеп-интернатында Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткері, дирижер, ұлағатты ұстаз, публицист, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Алдаберген Қайырбекұлы Мырзабековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Дала мәдениеті мен өркениетін тоғыстырған дарын» тақырыбында тұлғатану кеші ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында өнер майталманының өмір жолы, шығармашылық мұрасы, отандық мәдениеттің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі жан-жақты дәріптелді. Қатысушылар ұлт музыкалық өнерінің қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген дара тұлғаның еңбектерімен танысып, кітап көрмесі таныстырылды.

