Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп» қағидатының талаптары түсіндірілді

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатына айрықша мән берді.

Жалпы, қоғамдағы заң мен тәртіп – бұл адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттейтін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі қағидалар. Заң – бұл мемлекеттің шығарған ресми ережелері мен нормаларының жиынтығы, ал тәртіп – сол заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін жүйе.

Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтарға 2025-2030 жылдарды қамтитын «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру мақсатында жиын өтті. 

Басқосу барысында облыстық ҚАЖ департаменті жанындағы қамқоршылық кеңестің төрайымы М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ҚХА кафедрасының меңгерушісі П.И.Мамедова қоғамдық тәртіптің сақталуы әр адамның бойында жауапкершілікті арттыратынын атап өтті. Ол өз сөзінде заңды құрметтеу, басқалардың құқықтарын бұзбау, өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу – тәртіптің негізі екенін жеткізді. 


Өз кезегінде аталған департаменттің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы әділет подполковнигі А.С.Танашева тәуелсіз ел ішінде тәртіпті сақтау үшін мемлекеттің құқық қорғау органдары – полиция, сот, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары – жұмыс істейтінін баса айтты. Бұдан бөлек ол заңдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тәртіптің болуы өте маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, тәртіпсіз қоғамда заңдар тиімді жұмыс істей алмайды, себебі адамдар заңды қасақана бұзса, салдары ауыр болуы мүмкін. 

Жиын соңында арнайы контингент өкілдері спикерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Жалпы, бұл кездесу әңгімелесу форматында өтті.