Таза Қазақстан

«Таза бейсенбі» акциясының берері мол

Тараз қаласында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кезекті рет ұйымдастырылды.

Экологиялық акцияның мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Бұл жолы сенбілік жұмыстары Тараз қаласындағы «Ұлы дала» ықшамауданында өтті. Акцияға партия облыстық филиалының қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың айтуынша, экологиялық бастамаларды іске асыру – партия қызметінің басым бағыттарының бірі.

Жалпы, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жыл басынан бері облыстың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Аталған бастама аясында бүгінге дейін партия мүшелері 36 тоннадан астам қоқыс жинап, 2 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызды. Бұл жұмыстарға 3 мыңға жуық аманаттық азамат өз еркімен атсалысты.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы бастамаларды жалғастыра бермек.

Сымбат ҚУАНЫШ