Жастар

ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ҚАЙТАРЫМЫ

ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ҚАЙТАРЫМЫ

Бүгінгі жастар – егемен еліміздің ертеңгі сенімді тірегі. Сондықтан да мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалуда. Қа зақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында да бұл мәселеге айрықша назар аударылған. Осы орайда Жуалы ауданында да жастар саясатын дамыт уға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

Бүгінде Жуалы ауданында 53 мың 80 тұрғын бар. Оның ішінде жастардың саны 13 мың 924 адамды, жалпы халықтың 26,2 пайызын құрайды. Жергілікті жастарға жағдай жасауда аудан басшылығы аянып жатқан жоқ. Әрине, осындай қамқорлықтың қайтарымы да жоқ емес. Өңір өрендерін бір шаңырақтың астына ұйытып отырған орталықтың бастамасымен ағымдағы жылдың 6 айында 551 әртүрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіліп, онда ауданның 10 305 жас азаматы қамтылды. Қазақ халқының дәстүрлерін жастар арасында кеңінен насихаттау және жастар бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру мақсатында «Жігіт сұлтаны – 2022» байқауы, сонымен қатар «Жуалы аруы – 2022», «Ақ босаға» атты аудандық келіндер сайысы, «Street Workout» спорт түрінен жарыстар, жас отбасылар арасында толағай сайыстары сынды бірнеше ауқымды шаралар өткізілді. Сондай-ақ, орталыққа 2002-ге жуық жас әртүрлі мәселелер бойынша кеңес сұрап келген. Аталған жастар өздеріне қажетті ақпаратты алған. Оның ішінде жұмысқа орналасу мәселесімен 512 жас, мемлекеттік бағдарламалар туралы сұрақтармен – 243, басқа да салалар бойынша 1 247 жас кеңес алған. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақымен 30 жас маман қамтылып, оларға барлығы 9 миллион 189 мың теңге берілді. Тұрғын үй сатып алуға барлығы 8 жас маман 36 миллион 756 мың теңге несие алып, баспаналы болып отыр. Өткен жылы «Жасыл ел» бағдарламасына 65 жас маусымдық жұмысқа қабылданса, жыл соңына дейін 100 жасты еңбек жасағының құрамына алу жоспарланды. Аталған бағдарлама аясында NEET санатындағы жастар мен жұмыссыз жастар жұмыспен қамтылуда. Қазіргі таңда 57 адам маусымдық жұмысқа қабылданып, жастар еңбек жасағы қоғамдық орындарда, саябақтарда, мәдени орындарда өсінді шөптерді орып, тал-дарақтар отырғызып, оны күтіп-баптап, суғарып, сонымен қатар, аудан орталығында қоршауларды сырлау, арық-атыздарды тазарту жұмыстарымен айналысуда. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» Еңбек бағдарламасына сәйкес аудандағы бос жүрген өрендерді жұмысқа орналастыру мақсатында екі рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарал ард ың және жоспарл ы жұмыстардың нәтижесінде алғашқы жартыжылдықта 427 адам әртүрлі салаларда жұмысқа орналастырылды. Жыл аяғына д ейін 131 жасқа қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Бұл ретте аудан орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерде тұратын, жұмыс істеуге ниетті жас азаматтардың ұсынған жобаларына басымдық беру көзделуде. Қайтарымсыз грант қаражаттары әлеуметтік шағын жобаларды дамытуға бағытталмақ. Ауданда ресурстық орталық жанынан құрыл ған «Қамқор» қайырымдылық-еріктілер клубының қатарында 70-тен астам студент және оқушы бар. Клуб мүшелері биыл волонтерлық қозғалыстың 11 бағыты аясында 109 іс-шараға атсалысты. Клуб мүшелерінің және аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен жұмыс істеп жатқан «Қамқор» қайырымдылық дүкенінен осы жылы жалғызбасты, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған 95 отбасыға киім-кешек, 28 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Біздің орталықтың жанынан жастарды қолдау мақсатында «Жас ғалым», «Инабатты қыздар», «Жас келіндер», «Жас шахматшы», «Енелер» клубы, «Жас ақындар», «Жайдарлы Жуалы» жас жайдарманшылар к лу бы, «Бауыржан ұландары» патриоттық клубы, «Жуалы еркін ойлар алаңы» жас пікірсайысшылар, «Жас әкелер», «Қамқор» волонтерлық клубтары өз істерін дөңгелетуде. Жас таланттарды тауып, олардың өнерін шыңдап, қолдау көрсету мақсатында құрылған клубтардың жетістіктері туралы аз-кем тоқталып өтсек. «Жайдарлы Жуалы» жас жайдарманшылар клубы мүшелерінің қатысуымен маусымашар, 1/4, 1/8 және финалдық жайдарман сайыстары өткізілді. «Қарасаз» жайдарман құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген «Маусымашар – 2022» жайдарман ойындарына қатысып, Түркістан облысында өтетін жайдарман ойындарына жолдама алды. Сонымен қатар, «Жуалы еркін ойлар алаңы» жас пікірсайысшылар клубы мүшелерінің қатысуымен 4 аймақтық және 2 аудандық пікірсайыс турнирлері өткізілді. «Жас ақындар» клубының мүшесі Даярбек Санжар Қызылорда қаласында «Балалар жылы» аясында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Көктем нұры» атты республикалық мектеп оқушылары арасында айтысқа қатысып, Серік Өтеуов атындағы «Сүре айтыстың сүржекейі» атты арнайы жүлдеге ие болды. Ақыл-ой спорты атанып кеткен шахматта да аудан жастары белсенді. 2022 жылдың шілде айында жасөспірімдер арасында өткен облыстық турнирде спорттың осы түрінен жерлесіміз Бүркітбай Асанәлі бас жүлде иеленді. Биыл Тараз қаласында өткен дзюдодан Қазақстан біріншілігінде 90 келі салмақта жерлесіміз Қазыбек Ракишев топ жарды. Одан кейін жеңіс жолын Ливанда өткен Азия біріншілігінде жалғастырып, Азия чемпионы атанды. Бұқаралық спортты дамыт у мақсатында әр ауылдық округте әкімдер мен мектеп директорларының бекіткен кестесіне сәйкес, волейболдан, футболдан, теннистен, күрестен жастар арасында тегін жаттығулар жүргізіледі. Спорт нысандарының барлығы ауыл тұрғындары мен жастарының спортпен айналысуы үшін қолжетімді. Жалпы аудан жастарының 7 750-ге жуығы спортпен шұғылданады. Аудан бойынша 3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен ауылдық округтердегі спорт мектептерінің секцияларында 1 574 жас және аула клубында 360 оқушы 11 спорт түрінен ашылған спорттық үйірмелерге қатысуда. Сонымен қатар жалпы білім беру мекемелерінде 7 спорт түрі бойынша 135 үйірме жұмыс істейді. Осы үйірмелер 5 816 оқушыны қамтып отыр. Жастарға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта жүйелі жалғаса бермек.

Мейіржан ТЕЛЕУШОВ, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты, Жуалы ауданы