Жаңалықтар

Әдемі, Сұлу, Әміре: Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді

27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды arainfo.kz

Сәбилерге ата-анасы ерекше мән беріп, Әдемі, Сұлу және Әміре деп есім қойған.

Нәрестелер жүктіліктің 31-ші аптасында өмір есігін ашқан. Әрқайсысының салмағы шамамен 1,5–1,6 келі, бойлары — 35 сантиметр. Үшемдер бірнеше минут айырмашылықпен туған. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелер өмірге келгелі бері облыстық перинаталдық орталықта арнайы бақылауда болып, қажетті ем алған. Қазір сәбилердің де, ананың да жағдайы жақсы. 

Жас жұбайлардың бұған дейін 5 жастағы ұлы мен 3 жастағы қызы бар. Осылайша Лайықовтар отбасы жеті мүшеден тұратын үлкен жанұяға айналды.

Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов жас отбасын арнайы барып құттықтап, жылы лебізін білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

 Аудан әкімі Жанболат Жидеханов өз құттықтауында көпбалалы отбасыға жақсылықтар тілеп, естелік сыйлығын тарту етті.

Үшемнің өмірге келуі шалқарлықтар үшін де үлкен қуаныш болды. Ел арасында бұл оқиға «жақсылықтың нышаны» ретінде қабылданып жатыр.