Тәлім мен тәжірибе ұштасқан экскурсия
Облыстық кәсіпкерлер палатасының Қордай аудандық филиалы Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиямен бірлесіп 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру экскурсиясын өткізді. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтары жылы» және еңбек адамдарының беделін арттыруға бағытталған «Еңбегі адал – жас өрен» бастамасы аясында өтті.
Алдымен оқушылар «Первомайские деликатесы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының мал сою алаңына және ет өңдеу цехына барды. Экскурсияға бейінді оқыту бойынша педагог Зарина Топчакова және бірнеше ата-ана қатысты.
Кәсіпорын қызметкерлері болашақ мамандарды цех жұмысымен таныстырып, алғашқы өңдеуден бастап дайын өнімді алуға дейінгі барлық технологиялық процесті көрсетті. Сондай-ақ 9-сынып оқушыларына сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары, дағдыларға қойылатын талаптар және мансаптық өсу перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Оқушыларға одан бөдек «Первомайские деликатесы» сауда маркасы және өндірістің технологиялық циклі туралы да баяндалды. Сондай-ақ оқушылар қазіргі заманғы ет өңдеу процесі антисанитария талаптарына сай екеніне көз жеткізе алды. Цехта тазалық сақталған, жетекші еуропалық «MPS» компаниясының заманауи жоғары технологиялық жабдықтары жұмыс істейді.
Цех жұмысшылары жасөспірімдерге шикізат дайындауды да егжей-тегжейлі түсіндірді. Мал союмен айналысатын көптеген өңдеушілер жануарларды сояр алдында белгілі бір уақыт тынықтырып ұстау қажет екенін ескере бермейді екен. Көбіне олар жануарларды әкелгеннен кейін, күйзеліс (стресс) жағдайында бірден сояды. Ал мұндай кезде жануардың қанына көп мөлшерде адреналин бөлінеді. Бұл зат еттің дәмін бұзып қана қоймай, кейіннен адам ағзасына да зиян әсерін тигізеді. Адреналин мөлшері жоғары ет ұзақ сақталмайды, тез бұзылады. Сонымен қатар түрлі микрофлоралармен ластануға бейім келеді. Мұндай еттен сапалы әрі дәмді өнім дайындау мүмкін емес.
Ал «Первомайские деликатесы» кәсіпорнында барлық технологиялық талаптар мен санитарлық ережелер толық сақталады. Сондықтан бұл кәсіпорынның өнімдері тұтынушыларға сапалы және табиғи дәмі сақталған күйде жеткізіледі.
Экскурсия кезінде оқушылар компанияның кейбір маркетингтік тәсілдерімен де танысты. Мысалы, өнімнің сапасы мен тазалығын дәлелдеу мақсатында кәсіпорын екі «HALAL» сертификатын алған. Бұл сертификаттар компанияның ең жоғары және қатаң стандарттарға толық сай келетінін көрсетеді. Ал тұтынушының сенімі – кез келген компанияның басты жетістігі.
Сонымен қатар, «HALAL» сертификаттарының болуы кәсіпорынға басқа шұжық өндірушілермен салыстырғанда айтарлықтай бәсекелестік артықшылық береді. Қазіргі таңда көптеген тұтынушылар өнімнің сапасына ғана емес, оның экологиялық және этикалық тазалығына да назар аударады. Осы тұрғыдан алғанда «HALAL» стандарттарына сай жұмыс істеу – компанияның жауапкершілігі мен тұрақтылығын дәлелдейтін маңызды көрсеткіш.
Диана ДОСАЕВА,
облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы