Дін

Медреседегі маңызды кездесу

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың, бірқатар басқарма басшысы мен имамдардың қатысуымен жиын өтті.

Кездесуде Серік Жақсылықұлы имамдармен пікір алмасып, өңірдегі діни ахуал, жастар тәрбиесі және қоғамдағы рухани тұрақтылықты сақтау мәселелерін талқылады. С.Сәлемов дін қызметкерлерінің ел бірлігі мен татулықты нығайтудағы еңбегін атап өтіп, мемлекет пен дін саласының өзара үйлесімді жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы сөз сөйлеп, дін саласындағы өзекті бағыттар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады.

Айжан ӨЗБЕКОВА