Әлеумет

Жақсылық жасап жарысайық!

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында сәуір айынан бері облыс аумағында «Қамқор» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба аясында қаламыздағы «MART» ойын-сауық орталығы және «Корзинка» дүкендер желісінің бірнеше дүкенінде қамқор әлеуметтік жәшіктері орналастырылып, қамқор әлеуметтік дүкені ашылды!

Жақсылық жасауға тапсырмас мүмкіндік. Қаламызда орналастырылған әлеуметтік жәшіктерге таза, артық киім-кешек, ойыншықтар, аяқ киім сынды тұрмыстық заттар жиынтығын өткізуге шақырамыз! Жоба жыл соңына дейін жалғасады.

Назима ЮЛДАШЕВА,

«Кomek.demeu.kz» қоғамдық қорының президенті