Оқушыларға қанат бітірген орталық
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру орталығының басшысы Ардақ Құлжановтың қатысуымен брифинг өтті. Спикер орталықтың биылғы жылы атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.
Ардақ Құлжановтың айтуынша, бүгінде облыстағы 447 жалпы білім беретін мектепте 226 668 оқушы білім алса, 88 282-сі спорттық секцияларға тартылған. Секцияларда футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, шахмат, үстел теннисі, жеңіл атлетика, таеквандо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату және басқа да спорт түрлері қамтылған.
Білім басқармасына қарасты орталық оқушылар арасында спортпен шұғылдануды насихаттау, салауатты өмір салтын ұстану бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Мәселен, биылғы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңі аясында спорттың 10 түрінен 5-11-сынып оқушылары арасында 48 жарыс өткізіліп, 193 200 оқушыны қамтыған.
Мұқағали БАЛТАБАЕВ