Қоғам

Нашақорлықпен күрес – ортақ іс

2025 жыл «Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы» деп жариялануына және «Заң мен тәртіп» қағидасына сәйкес Шу ауданында педагогтар мен ата-аналардың қатысуымен «Есірткісіз болашақ» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға аудан мектептерінің басшылары мен педагогтары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері және белсенділер қатысты.

Іс-шара барысында төрт мектептің мұғалімдері оқушылар арасында есірткіге қарсы алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, тиімді тәжірибелері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Қатысушылар мектеп, отбасы және құқық қорғау органдарының өзара ынтымақтастығы жас ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыруда және салауатты өмір салты құндылықтарын нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Конференция мазмұнды және белсенді түрде тартысты ой-пікілермен үйлесім тапты. Кездесу соңында үздік педагогтар алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі