Жаңалықтар

Таразда Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай тұлғатану шарасы өтті

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында даңқты қолбасшы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» атты тұлғатану шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен Тараз политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Басқосу барысында батырдың өмірі мен жауынгерлік ерлігі, елге үлгі болған қайсар мінезі туралы деректер айтылып, оның өнегеге толы нақыл сөздері талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушыларға «Бауыржан Момышұлы – Халық Қаһарманы» атты бейнеролик көрсетілді.

Тұлғатану шарасы ұрпаққа батырдың рухы мен ерлік дәстүрін насихаттауды мақсат етті.