Жаңалықтар

Тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бүгінгі таңда елімізде қолданыстағы Қылмыстық Кодекстің баптарына сәйкес, пенитенциарлық жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін және оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіргендерге жаза қарастырылған.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталған азаматтарға дәл осы тақырыпта бейнеролик көрсетілді. Онда мекемедегі бейнебақылау жүйесіне және басқада мүліктерді сындырмау (бүлдірмеу) туралы кеңінен айтылады.

Атап өтейік, нақ осы қоныс колониясында Қылмыстық Кодекстің 428-1-бабының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп тұрады.