Қазақстандық колледждер 4 000-нан астам кәсіпорынмен меморандумға отырды
Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы әріптестік қарқын алып келеді, деп хабарлайды arainfo.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мамандарды даярлау сапасын арттыру және білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мақсатында колледждер мен бизнес құрылымдар арасындағы әріптестік меморандумдары жүзеге асырылуда.
Қазір отандық 623 колледж 4 126 кәсіпорынмен меморандумға қол қойған. Бұл келісім аясында кәсіпорындар білім беру бағдарламаларын жаңартуға, колледждерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге, студенттерге өндірістік тәжірибе базасын ұсынуға міндеттенеді. Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы белсенді кәсіпорындар нақты салалардың кадр қажеттілігін қамтамасыз етуге ат салысып отыр. Кейбір компаниялар оқытушыларға арналған тағылымдамалар да ұйымдастырып жатыр.