Жаңалықтар

Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті

Жазушы Құдияр Біләл Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш өмірден өткенін жеткізді, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр дерттен кейін қайтыс болды. Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл әлеуметтік желіде хабарлады.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов осымен екінші ұлынан айырылып отыр. 2021 жылы оның тағы бір ұлы, Рауан Шаханов, қайтыс болған еді.

Марқұмның жақындары мен отбасына көңіл айтамыз.