Жаңалықтар

Азияның үздік университеттері рейтингіне Қазақстанның 44 жоғары оқу орны енді

Қазақ университеттері QS Asia University Rankings 2026 рейтингінде жоғары нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды arainfo.kz

2025 жылдың 4 қарашасында QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының QS Asia University Rankings 2026 рейтингін жариялады. Биылғы тізім – агенттік тарихындағы ең ауқымды рейтинг: оған 25 елден 1529 университет енген, оның ішінде 554 оқу орны алғаш рет қатысып отыр.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан айтарлықтай жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Рейтингке енген 112 университеттің 44-і – қазақстандық жоғары оқу орындары. Салыстырмалы түрде алғанда, Өзбекстаннан – 22, Қырғызстаннан – 6, Тәжікстаннан – 1 университет кірген.

Биыл алғаш рет тізімге енген 10 қазақстандық университет:

Назарбаев университеті – 201 орын

Алматы Менеджмент университеті – 741–750

ALT университеті – 1001–1100

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті – 1101–1200

Alikhan Bokeikhan University – 1201–1300

Каспий университеті – 1201–1300

Рудный индустриялық институты – 1301–1400

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚ педагогикалық университеті – 1301–1400

Astana International University – 1401–1500

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті – 1401–1500

Сонымен бірге Қазақстан – Орталық Азияда Азияның топ-100 үздік университеті қатарына кірген жалғыз мемлекет. Олардың қатарында:

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 38 орын

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – 61 орын

Satbayev University – 79 орын

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан ЖОО-лары академиялық бедел, оқыту сапасы, халықаралық әріптестік және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп отыр. Бұл елдің жоғары білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын білдіреді.

QS мәліметінше, Қазақстан шетелдік студенттер мен зерттеушілер үшін аймақтық білім хабына айналып келеді. Қазіргі таңда 29 қазақстандық университет әлемдік жетекші оқу орындарымен стратегиялық серіктестік орнатқан, ал 15 ЖОО-да шетелдік университет филиалдары жұмыс істейді.

Агенттік рейтингті жыл сайын күзде жариялайды. Сол себепті тізім атауында келесі жылдың саны көрсетіліп, рейтинг бір жыл бойы өзекті болып саналады.