Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Вашингтонға сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Ертең Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

Сапар басында Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды.

Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.