Жамбыл жаңалықтары

Айтылған өтініш аяқсыз қалмайды

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауда 12 тұрғын негізінен әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, тұрғын үймен қамту, жер телімін бөлу, медициналық қызмет көрсету, баспанаға газ тарту, сондай-ақ жеке меншік мектептерге қолдау көрсету сияқты және жеке сипаттағы өтініш-тілектер айтылды.

Ербол Қарашөкеев әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң талаптары мен шешу жолдарын жан-жақты түсіндірді.

Қабылдау қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді жеке бақылауына алатынын жеткізді.

Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі