«Қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер» оқырман конференциясы өтті
Таразда Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған оқырман конференциясы өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз Парасат жоғары колледжінде «Ел болып оқимыз» жобасы аясында аты аңызға айналған батыр, даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған «Қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер» атты оқырман конференциясы өтті.
Шара барысында батырдың ел мен жер үшін майдан даласында көрсеткен ерлігі мен ұлт руханиятына қосқан үлесі кеңінен сөз болды. Қатысушылар Бауыржан Момышұлының қайсар мінезі мен әскери тәжірибесі бүгінгі ұрпаққа өнеге екенін атап өтті.
Оқырмандар арасында пікір алмасу мен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылар батырдың шығармашылығына қызығушылық танытты.
Іс-шара соңында колледж кітапханасының қызметкерлері Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесін таныстырып, жазушының еңбектеріне шолу жасады.