Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 20,4 миллион адамға жетті

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері Қазақстан халқының саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 151 632 адам, ал көші-қон арқылы – 10 200 адам қосылған.

Қазіргі таңда елдің жеті өңірінде тұрғындар саны 1 миллионнан асып отыр. Олар:

Алматы қаласы – 2 337 023 адам

Түркістан облысы – 2 148 207 адам

Астана қаласы – 1 612 512 адам

Алматы облысы – 1 586 875 адам

Шымкент қаласы – 1 286 087 адам

Жамбыл облысы – 1 216 849 адам

Қарағанды облысы – 1 131 818 адам

Бюро деректеріне сүйенсек, ел халқының өсімі негізінен табиғи жолмен қамтамасыз етіліп отыр. Сарапшылар мұны туу көрсеткішінің жоғары болуы мен өңірлердегі өмір сапасының жақсаруымен байланыстырады.