Жаңалықтар

Таразда 91 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Жамбыл даңғылында полицейлер жол қозғалысы ережелерін 91 рет бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін анықтап, тоқтатты, деп хабарлайды arainfo.kz

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ер адам жылдамдықты бірнеше мәрте асырған және жол ережелерін елемеген. Жүргізуші «Қорғау» интеллектуалды жүйесі арқылы анықталған. Бұл жүйе жол қозғалысын автоматты түрде бақылап, ереже бұзушыларды тиімді анықтауға мүмкіндік береді.

Құқық бұзушының көлігі арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жеке жауапкершілігінен басталады.