Жаңалықтар

Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Бүгін бірқатар өңірлерде ауа райының күрт нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды arainfo.kz

«Қазгидромет» мәліметінше, бірнеше облыста қар, боран, көктайғақ және қатты жел соғуы мүмкін.

Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында
– қар жауып, көктайғақ пен боран күтіледі, желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді. Температура –13°Сшамасында болады.

Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында
– жауын-шашын, көктайғақ және қарлы боран болжанып отыр. Ауа температурасы –15°С дейін төмендейді.

Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында
– қар жауып, боран соғады, желдің екпіні 28 м/с дейін жетуі мүмкін. Температура –15°С шамасында болады.

Сонымен қатар Жетісу және Алматы облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды ауа райына мұқият болып, қажетсіз сапарларды шектеуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.