Жаңалықтар

Түнде Түркістан облысы мен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

Түнде Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды arainfo.kz

Сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 км қашықтықта, Ауғанстан аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.2 MPV, магнитудасы 6.2 деп бағаланған.

Сезілу деңгейі төмендегідей болды:

Шымкент қаласы – 2 балл

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылы – 2 балл

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл

Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат тіркелген жоқ.