Цифрлық Қазақстан

Инновациялық ынтымақтастық нығаюда

Қазақстан жасанды интеллект саласындағы түркі елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіретін ортақ үлкен тілдік модельді (LLM) әзірлеуге қатысуға дайын. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Әзербайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиевпен кездесу барысында мәлімдеді.