Экологиялық мәдениет баршаға ортақ
Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттер арасында экологиялық сана мен жауапкершілікті арттыру мақсатында «Экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында жастар экология, еріктілік, белсенділік бағыттарында пікір алмасып, тың идеяларымен бөлісті. Іс-шарада облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев сөз сөйлеп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі ерекше екенін атап өтті.
Сонымен қатар «Жібек жолы» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Аққанат Болат волонтерлік қызметтің қоғамға берер пайдасы мен табиғатты қорғау жолындағы жобалар туралы баяндады. Ол экология бағытындағы волонтерлік жұмыстардың жастарды тәрбиелеудегі маңызын атап өтіп, жастарды белсенді болуға үндеді.
Сымбат ҚУАНЫШ