Жаңалықтар

Жамбылда ҚАЖ мекемесінде 9 айдың қорытындыланды

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жиын өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Өңірлік департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Сматовтың төрағалығымен өткен басқосу барысында 9 ай қорытындыланып, жеке құрам қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойды. 

Ал мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев есепті кезеңде ҚАЖ қызметкерлерінен мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту, жазасын өтеушілердің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және сотты болғандарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытында кешенді жоспарларды өз деңгейінде орындалуы талап етілгенін атап өтті.

Жиын соңында аталған түзеу мекемесіндегі жедел жағдайдың тұрақтылығына айрықша көңіл бөлу – айрықша назарда екені баса айтылды.