Жаңалықтар

Таразда «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас мұғалімдердің IV облыстық форумы өтті

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас мұғалімдердің IV облыстық форумы өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Биылғы форум жас педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға, білім беру процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізуге және заманауи әдістемелерді тәжірибеде қолдануға арналды.

Шара барысында мұғалімдер өз пәні аясында жасанды интеллектті сабақта тиімді пайдаланудың тың тәсілдерін ұсынып, жаңа форматтағы шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар, қатысушылар назарына «AI Quiz», «Виртуалды зертхана», «ЖИ және мультфильм» секілді инновациялық жобалар ұсынылды.

Форум мотивациялық сессиялармен жалғасып, ұстаздардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.