Жаңалықтар

Астанада Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісін өлтіріп кетті: полиция тың деректер жариялады

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі, Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды arainfo.kz

Полиция департаментінің мәліметінше, бұрыннан таныс адамдар арасында ауызша жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы Ержан Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмған.

Қазір бұл дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.