Адамның рухани жетілуіндегі діннің алатын орны қандай?
Рухани келісім – тұрақтылық іргетасы айлығы аясында маңызды кездесу өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
18 қазан –Қазақстан Республикасындағы Рухани келісім күніне орай, «Адамның рухани жетілуіндегі діннің алатын орны қандай»?атты кездесу ұйымдастырылып, оған Жамбыл облыстық діни басқармасы мамандары қатысты.
Кездесу барысында Дін – қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Дін қай халықтың болсын мәдениетінің рухани негізі. Дін адамдардың жеке сеніміне қатысты десекте оның белгілі әлеуметтік топтарда және қоғамда алатын орны ерекше.

Мамандар дін - адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі жайлы өз ойларымен бөлісті.
Кездесу қатысушылары бір ауыздан:рухани келісім- еліміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі деген тұжырымға келіп, осындай игі бастамаларды маңыздылығын атап өтті.