Жүк көліктерінің «нөмір дауы»: прокуратура әділдік орнатты
Шымкент көлік прокуратурасы 9 мыңнан астам отандық жүк тасымалдаушының құқығын қорғап, рұқсат бланкілерінде көлік нөмірлерін қайталап енгізу секілді заңсыз тәжірибені тоқтатты, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл әрекет халықаралық талаптарға қайшы келіп, кәсіпкерлерді негізсіз жауапкершілікке тарту қаупін тудырған еді.
Қадағалау органының араласуынан кейін заңсыздық жойылып, тасымалдаушылардың құқықтары қалпына келтірілді. Прокуратура алдағы уақытта да бизнес өкілдерінің мүддесін қорғауды жалғастырмақ.