Әлеумет

Баспанаңызды сатсаңыз да салық төлейсіз

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сатып алған бағасы мен сату бағасының айырмасынан, яғни құн өсімінен жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуге міндетті болады. Бұл ереже егер мүлік екі жылдан аз уақыт иелігінде болса және бағасы өскен жағдайда қолданылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық әдістеме басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова айтты.