Қазақстандық спортшы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп, әлем рекордын жаңартты
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды arainfo.kz
Ол 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Жұлқа көтеру кезеңінде Әскербай 144 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасында жаңа әлем рекордын орнатты. Бұл көрсеткіш оған тек Азия чемпионы атағын ғана емес, әлемдік деңгейдегі үздік нәтиже мәртебесін де алып келді.
Күміс жүлдені қытайлық Чен Синсин (143 келі), ал қола медальды өзбекстандық Хаетбек Ерматов (131 келі) иеленді.