Жаңалықтар

Республика күніне орай Шу қаласында жаңа су нысаны пайдалануға берілді

25 қазан – Республика күні қарсаңында Шу ауданының Шу қаласы, Қант зауыты мөлтек ауданында «Су жүйелері және су шығару ғимараттарының құрылысы» нысанының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Аталған жоба «Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің тапсырысымен, «Мелиоратор» ЖШС мердігер ұйымы арқылы жүзеге асырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – Шу қаласының Қант зауыты мөлтек ауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және су тарту инфрақұрылымын жаңарту.

  • Абонент саны: 1 739
  • Халық саны: шамамен 7 600 адам
  • Желілердің жалпы ұзындығы: 84,57 шақырым
  • Жер учаскесінің алаңы: 1,5 гектар


Жоба іске қосылуының нәтижесінде аудан тұрғындары үшін ауыз суға қолжетімділік едәуір жақсарып, тұрмыстық жағдайдың сапасы артады.

Ашылу рәсіміне аудан әкімі, мекеме өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысып, жаңа нысанның маңыздылығын атап өтті.

Бұл жоба – еліміздің Тәуелсіздігін айқындайтын мерейлі мерекеге арналған игі істердің бірі, ауданның инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.