Тараздағы «Достық үйі» күрделі жөндеуден өтеді
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Өз сөзінде аймақ басшысы қатысушыларды келе жатқан Республика күнімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.
Сонымен қатар ел Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында өңірде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды бастамалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Жиында этномәдени бірлестік өкілдері де құттықтау сөз сөйледі. Олардың қатарында облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Гулам Умаров, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Махметғали Сарыбеков, татар және башқұрттар конгресі облыстық филиалының төрағасы Фарида Нақыш, сондай-ақ неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Александр Гибнер бар.
Кеңейтілген кеңес барысында өңірдегі этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан бірқатар азамат құрметке бөленді. Оларға «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» мерекелік медалі, ҚХА-ның Алғысхаты, сондай-ақ облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табыс етілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі